Kyzylorda-news.kz. Қызылордада «Евразия» спорт кешенінде футболшы, шеберлер командасының ойыншысы Әбіл Қалымбетовты еске алуға арналған футзалдан ардагерлер арасында облыстық ашық турнир өткізілді.

Биыл жетінші мәрте ұйымдастырылған турнирге 12 команда қатысып, үздіктері анықталды.

Екі күнге созылған жарыстың қорытындысы бойынша «Қайсар» командасы бірінші орынды жеңіп алды.

Олар финалда «Петро Қазақстан» командасын ұтты. Ойынның негізгі уақыты тең аяқталғандықтан жеңімпаз тек айып добын орындау барысында анықталып, есеп 2:0 болды.

Жаңақорғандық «Сығанақ» командасы ІІІ орынды иеленсе, «Ардагер» командасы
ІV орынды қанағат тұтты.

«Үздік қақпашы» номинациясы бойынша Жаңабек Әлназаров («Қайсар» командасы),
«Үздік қорғаушы» – Берік Жаппасбаев («Ардагер» командасы),
«Үздік шабуылшы» – Шамсиддин Иристаев («Сығанақ» командасы), «Мерген ойыншы» – Бахадир Турсынкулов («Сығанақ» командасы), «Үздік ойыншы» – Əкімжан Əбішев («Петро Қазақстан» командасы) марапатталды.

Жеңімпаз және жүлдегер командаларға кубок, диплом, ақшалай сыйақы, үздік ойыншыларға естелік сыйлықтар берілді.

Тағы да оқыңыз: