Kyzylorda-news.kz.  Ағымдағы жылдың 9-14 ақпан аралығында Қызылорда қаласындағы «Евразия» спорт кешенінде ауыр атлетикадан ерлер мен əйелдер арасында ҚР-ның чемпионаты мен кубогы өтеді.

Жарысқа еліміздің барлық өңірлерінен келетін спортшылар 20 салмақ дəрежесінде (10 салмақ ерлер, 10 салмақ əйелдер) жүлделерді сарапқа салады.

Жарыс нəтижесінде биыл сəуір айында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Азия чемпионатына спортшылар іріктеледі.

Жарысты ҚР Мəдениет жəне спорт министрлігі Спорт жəне дене шынықтыру істері комитеті, ҚР ауыр атлетика федерациясы, Қызылорда облысының дене шынықтыру жəне спорт басқармасы ұйымдастыруда.

Жарыс 9 ақпан күні сағат 11.00-де басталады, 10 ақпан сағат 10.00-де салтанатты ашылуы өтеді.

Тағы да оқыңыз: