Kyzylorda-news.kz. Алматы қаласында Қазақ Спорт жəне Туризм академиясы мен «Спорт жұлдыздары» республикалық журналының ұйымдастыруымен республикалық “Жыл үздіктері -2019” номинациясының жеңімпаздары марапатталды.

1. «Үздік спорт басқармасы» – Қызылорда облысының дене шынықтыру жəне спорт басқармасы.

Басшысы: Акимов Олжас Азатұлы.

Айта кетейік, биылғы жылы спорт басқармасы екінші рет үздік атанып отыр.

2. «Үздік спорт мектебі» – Облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебі

Директоры: Каленов Бағдат Кендебайұлы.

3. «Үздік спортқа жанашыр аудан әкімі» – Жалағаш ауданының əкімі Сәрсенбаев Қайратбек Әубəкірұлы

4. «Үздік бапкер» – Еркін күрестен ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Əбутəліп Аманов.

5. «Үздік спортшы» – Бокстан Əлем чемпионатының қола жүлдегері Тұрсынбай Құлахмет.

6. «Үздік федерация» – Облыстық əмбебап жекпе-жек федерациясы.

Президенті: Нұрбек Жармаханов.

7. «Үздік баспасөз хатшысы» – Қызылорда облыстық дене шынықтыру жəне спорт басқармасының баспасөз хатшысы Лаура Шоңғалова.

Тағы да оқыңыз: