Kyzylorda-news.kz. Қостанай қаласында қазақ күресінен 2001-2003 жылдары туылған жастар арасында өткен Қазақстан чемпионатында Қызылорда облысының құрама командасы 3 алтын, 3 күміс, 6 қола медальмен жалпы командалық есепте бірінші орынды жеңіп алды.

Атап айтсақ, Серікболсын Шарипов (55 келі), Назерке Әбілтаева (52 келі) мен Шынар Абатова (70 келі) чемпион атанды.

Айта кету керек, жоғарыда аталған Қазақстан жеңімпаздары “Қазақстан Республикасының спорт шебері” спорттық атағына қол жеткізді. Сондай-ақ, Абу-Дабиде өтетін Әлем чемпионатына жолдама алды.

Сонымен қатар, Ақтоты Зәріп (60 келі), Еңбек Сақтағанов (90 келі), Дамир Мұңайтпасов (100 келі) күміс медаль еншіледі.

Ал Мунира Рахымжанова (44 келі), Теміржан Руслан (55 келі), Анель Мұхан (56 келі), Гүлзат Уренбаева (65 келі), Аяулым Ажмаханова (+70 келі) және Айдын Жыланбасов (100 келі) қола жүлдені қанағат етті.

Қазақстан чемпионатына барлық өңірлерден 417 спортшы қатысты.
Жалпы командалық есепте Қызылорда облысы үздік атанса, Ақтөбе облысы 2-орынды, Алматы қаласы 3-орынға ие болды.

Тағы да оқыңыз: