Kyzylorda-news.kz. Ақтөбеде белбеу күресінен ерлер мен əйелдер арасында өткен Қазақстан чемпионатында облыс құрамасы 10 медаль иеленіп, жалпы командалық есепте күміс жүлдегер атанды.
Жекелей есепте еркін түрінен Назерке Əбілтаева (52 келі), Мереке Құдайбергенова (76 келі), Меруерт Әбубәкір (+76 келі) жеңіс тұғырына көтерілді.
Мұхамедхан Сағындық (75 келі), Арайлым Оразбай (+76 келі), классикалық түрінен Рахманберді Әбдірашит (82 келі) күміс жүлделерді еншілесе, Жұлдыз Жұмахан (66 келі), Алиса Нұртас (76 келі), Нұрлан Пайзеллаев (75 келі), Рақымжан Мансұр (82 келі) қола жүлделерге ие болды.
Белбеу күресінен облыстың аға жаттықтырушысы Абдусаттар Садықовтың айтуынша, жоғарыда аталған Қазақстан жеңімпаздары Н.Әбілтаева, М.Құдайбергенова, М.Әбубәкір үстіміздегі жылдың қазан айында Қазан қаласында (Ресей) өтетін Әлем чемпионатына жолдама алды. Сондай-ақ, Мұхаммедхан Сағындық пен Арайлым Оразбай осы жүлделері арқылы “Қазақстан Республикасының спорт шебері” нормативін орындады.
Спортшыларды жарысқа Абдусаттар Садықов, Аслан Нұрқожаев, Гаухар Бекетаева дайындады.