Қазақ күресі: Сыр балуандары топ жарды – Kyzylorda News
Басты бет

Қазақ күресі: Сыр балуандары топ жарды

01.12.2021, 18:00

677 0

Kyzylorda-news.kz. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында 1-желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай қазақ күресінен “Үздіктердің үздігі” жылдың ең үздік балуанын анықтауға арналған турнир өтті.

Турнирге жыл көлемінде үздік өнер көрсеткен, рейтинг бойынша жоғары тұрған спортшылар қатысты.

Шараны ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Рахметоллақызы ашып, балуандарға сәттілік тілеп, барша жиналған қауымды мерейлі мерекемен құттықтады.

Облыстың намысын 5 спортшымыз қорғады. Нәтижесінде 55 келі салмақта Төлепов Бекжан – 1 орын, +100 келі салмақта Мақсат Исағабылов -1 орын иеленді. Қос балуан “Бас балуан” атағына ие болды
Жаттықтырушылары Бақытбек Кенеев.