Қанат Ислам WBO рейтингінің үздік үштігіне кірді – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Қанат Ислам WBO рейтингінің үздік үштігіне кірді

23.02.2020, 10:00

138 0

Kyzylorda-news.kz. Қазақстандық боксшы Қанат Ислам (27-0, 21 КО) Дүниежүзілік бокс ұйымының (WBO) жаңартылған рейтингінде бір сатыға көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Рангтер туралы кестенің жаңа шығарылымында жартылай орта салмақтағы WBO International атағының иегері мексикалық Хайме Мунгиядан (35-0, 28 КО) және британдық Лиам Уильямстен (22-2-1, 17 КО) кейін үшінші орынға тұрақтады. Орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын АҚШ өкілі Деметриус Андраде (29-0, 18 КО) жеңіп алды.

Айта кетейік, бүгінге дейін өзінің соңғы айқасын Қанат Ислам 26 қазанда Алматы қаласында намибиялық Уолтер Каутондоквуға қарсы өткізіп, төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетті.

0

Пікір қалдыру