Kyzylorda-news.kz. Ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаевтың (4-0, 3КО) келесі қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

25 наурызда Токио Олимпиадасының қола жүлдегері және әуесқойлар арасындағы Әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев Джонни Мюллер (23-9-2, 14КО) есімді оңтүстік африкалық боксшымен кездеседі.

Оңтүстік африкалық атлет 2009 жылдан бері кәсіпқой рингте өнер көрсетіп келеді. Ол барлық жекпе-жегін өз елінде өткізген, шет мемлекеттерде үш рет айқасқан. Соның ішінде 2015 жылы Украинада Александр Усикпен (12 раундтық жекпе-жектің 3-раундында нокаутпен жеңілген) кездесті. 2014 жылы ол WBC International Silver титулына ие болды.

Қоңқабаев пен Мюллер жекпе-жегінде WBA Gold белдігі сарапқа салынады.

Тағы да оқыңыз: