Kyzylorda-news.kz. Қызылордалық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев (1-0, 1 КО) кәсіпқой рингтегі екінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Sports.kz.

Ол украиналық Сергей Радченкомен (7-6, 2 КО) қолғап түйістірді.

Супер ауыр салмақтағы айқас сегіз раунд деп белгіленген болатын. Бірақ ол төрт раундтан кейін тоқтады. Себебі, төртінші раундта Радченко нокдаунға түсіп қалды. Сондықтан жекпе-жекті әрмен қарай жалғастырудан бас тартты.

Осылайша Қамшыбек Қоңқабаев қарсыласын техникалық нокаутпен жеңіп кетті.

Бұл – Қамшыбектің кәсіпқой рингтегі екінші жеңісі. Екеуін де нокаутпен ұтқан.

Тағы да оқыңыз: