Kyzylorda-news.kz  Қазіргі қоғамдағы маңызды мәселелердің бірі – пробация есебіндегі азаматтарды әлеуметтік бейімдеу, олардың уақытын тиімді пайдаланып түрлі мәдени-спорттық іс-шараларға қатыстыру, сонымен қатар қоғамға сіңіп кетуі болып табылады. Осы ретте, Сырдария аудандық жастар ресурстық орталығы пробация есебіндегі жастар арасында кіші футболдан турнир өткізді. Турнирде 5 команда бақ сынады.

– Спорттық іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында саламатты өмір салтын қалыптастыру, бос уақыттарын тиімді пайдалану және қылмыс пен құқықбұзушылыққа жол бермеу. Кіші футболдан өткен турнирде пробация есебіндегі жастар тартысты ойын көрсетті. Пробация есебінде тұрған азаматтардың арасында спорттық іс-шаралар жиі ұйымдастырылады, – деді орталықтың директоры Айгүл Ахметова.

Турнир қорытындысы бойынша І орынды  "Атлас" командасы, ІІ орынды "Қайсар" командасы, ІІІ орынды  "Оқжетпес" командасы, IV-V орынды  "Шаған" және "Арафат" командалары еншіледі. Жеңімпаздарға "Мирас" жастар ұйымы қоғамдық бірлестігінің арнайы дипломдары мен бағалы сыйлықтары табысталды.

Жарыс соңында қатысқан жастар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

Тағы да оқыңыз: