Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен бірлесіп, облыс оқушылары арасында қазақ ұлттық ойындарын өткізді. Іс-шараға 600-ден астам бала қатысты.
Қатысушылар «қол күрес», «бұқа тартыс», «ләнгі тебу», «асық», «батпан көтеру», «бес асық», «қыз қуу», «шоқпарласу» қазақтың ұлттық ойындарын ойнады. Жарысқа жоғары сынып оқушылары қатысып, ойын қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды. Барлық қатысушы жоғары деңгейде өнер көрсетті. Десе де ішінен топ жарғандар іріктелді.
Жарыс нәтижесі бойынша, үздіктер анықталды. Мәселен, «Қол күрес», «бұқа тартыс», «ләнгі тебу», «асық», «батпан көтеру», «бес асық», «қыз қуу», «шоқпарласу» ойындарының жеңімпаздары болып Ақбота Жалмырзаева, Ералқан Сауренов (Арал ауданы №57 орта мектеп), Нұрдәулет Шоқан (Қазалы ауданы №88 орта мектеп), Бакытжан Қайбалдиев (Қармақшы ауданы №277 мектеп-лицей), Аяулым Тиыштықпай (Жалағаш ауданы №201 мектеп-лицей), Рамазан Қожанбай (Сырдария ауданы №135 орта мектеп), Тұрсынғали Аманғали (Шиелі ауданы №50 орта мектеп), Жангелді Оразбай (Жаңақорған ауданы №166 орта мектеп) танылды.
Барлық қатысушылар осындай жарыстарға жиі қатысуға ниет білдірді.
Фото: Полиция департаменті