Kyzylorda-news.kz Бүгін Қазақстан құрамасының 14 спортшысы Париждегі жазғы олимпиада ойындарында жарыс жолына шығады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бүгін дзюдошылар мен шпагамен семсерлесу бойынша ерлер құрамасы олимпиада жүлдесін cарапқа салынады. Сондай-ақ қазақстандық боксшылардың үшеуі шаршы алаңға шығады. Одан бөлек, алғаш рет Қазақстан бадминтоннан сайысқа түседі.
Назарларыңызға бүгін жарыс алаңына шығатын спортшылардың жарыс кестесін ұсынамыз:
11:30. Бадминтон. Топтық кезең
Дмитрий Панарин (Қазақстан) – Кента Нишимото (Жапония).
12:15. Оқ ату (пневматикалық мылтық, 10 метр). Іріктеу (әйелдер)
Арина Алтухова және Александра Ле.
12:36. Академиялық ескек есу. Жекелей сын (ерлер).
Жұбаныш жарысы Владислав Яковлев.
13:00. Шпагамен семсерлесу. Жеке қылыш (ерлер).
1/16 финал Вадим Шарлаимов – Гарри Санер (Оңтүстік Африка)
13:00. Дзюдо. Медаль үшін белдесулер сағат 19:00-де басталады.
Ғұсман Қырғызбаев – Давид Гарсиа Торне (Испания). 66 кг.
14:15. Оқ ату (пневматикалық мылтық, 10 метр). Іріктеу (ерлер)
Ислам Сәтбаев пен Константин Малиновский.
14:48. Бокс. 1/8 финал (ерлер)
Айбек Оралбай – Олайтан Адам Олаор (Нигерия). 92 кг.
15:00. Теннис. Ерлер. 1-айналым
Александр Шевченко (Қазақстан) – Якуб Меншик (Чехия). Т
15:50. Шпагамен семсерлесу. Жеке қылыш (ерлер).
1/16 финал Руслан Құрбанов – Хусам эль Корд (Марокко).
16:40. Шпагамен семсерлесу. Жеке қылыш (ерлер).
1/16 финал Эльмир Әлімжанов - Луиджи Мидельтон (Франция).
Қола медальдар үшін жекпе-жек 00:20-да өтеді. Финал 01:15
Бокс. 1/16 финал (ерлер)
Асланбек Шымбергенов – Зейяд Ишаиш (Иордания). 71 кг. 19:50.
Бокс. 1/16 финал (әйелдер)
Назым Қызайбай – Джордана Соррентино (Италия). 50 кг.
Айта кетейік, әзірше Қазақстан қоржынында Париж олимпиадасының екі жүлдесі бар. Жарыстың алғашқы күні нысана көздеу спортынан Ислам Сәтпаев пен Александра Ле қола жүлдеге қол жеткізді. Сондай-ақ қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов алтын медаль жеңіп алды.
Фото: IJF