Kyzylorda-news.kz  Грузияның Тбилиси қаласынан ақжолтай жаңалық! 23-25 наурыз күндері пара дзюдодан өткен Әлем кубогында +70 кг салмақта Айдана Ғазизқызы чемпион атанды.

Жерлесіміз жарыстың бірінші айналымында ресейлік спортшыны айқын басымдықпен жеңсе, екінші айналымда Англия қызымен сынға түсіп, финалға жолдама алды.

Ал ақтық сында Айдана Ғазизқызы Париж Олимпиадасының чемпионы, Бразилия елінің спортшысы Силва Ребеканы ұтып, чемпион атанды.

Байрақты бәсекеге 19 мемлекеттен келген 200-ге жуық спортшы қатысты.

Спортшымызды жеңісімен құттықтаймыз!

Фото: Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы

Тағы да оқыңыз: