Kyzylorda-news.kz Белкөл кенті әкімі аппаратының қолдауымен  Белкөл кенті клубы және№189 орта мектеп әкімшілігімен бірлесіп ұйымдастыруымен "Адал адам" мәдени тәрбие беру жобасы аясында "Жанұя шуағы" бағыты бойынша Отбасы күніне орай кенттегі көпбалалы отбасылардың қатысуымен "Отбасы – мемлекет тірегі" атты "Толағай" отбасылық сайысы өтті.

  Шараны №189 орта мектеп директоры Хадиша Қорғанова ашып, сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Шараның мақсаты – әлеуметтік-мәдени ортаның құндылығын қабылтастыру, үлкен ұрпақтың тәрбиесін жас ұрпаққа жеткізу, яғни балаларын қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп қалыптастыру.

Сайыс "Кім жылдам", "Шармен таяқша арқылы кедергілерді айналып өту",

"Доппен секіру", "Эстафеталық таяқша", "Арқын тартыс" кезеңдері бойынша өтті.  Нәтижесінде "Самғау" тобы бас жүлдеге лайық деп танылды. Ал I орын "Жеңіс" тобы, II орын "Қыран" тобы, III орын "Бірлік" тобы иеленді.

    Сайыс жеңімпаздары мен жүлдегерлер арнайы дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды. 

Тағы да оқыңыз: