Kyzylorda-news.kz. Амманда бокстан Океания/Азия құрлықтық іріктеу турнирінің жеребесі тартылып, қазақстандық боксшылардың алғашқы қарсыластары анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті хабарлағандай, жеребе нәтижесіне сәйкес қазақстандық боксшылар жарысты 4 наурыз күні бастамақ.

Қазақстандық боксшылардың алғашқы қарсыластары:

4 наурыз

57 келі: Дәметкен Келімбет – Инь Юньхуа (Қытай)

60 келі: Римма Волосенко – Бац Симранжит Каур (Үндістан)

5 наурыз

63 келі: Зәкір Сафиуллин – Карауи Хайдер (Ирак)/Шан Жун (Қытай) жұбының жеңімпазы

75 келі: Әбілхан Аманқұл – Ким Жинжея (Оңтүстік Корея)/Бахтиор Мирзомухаммад (Тәжікстан) жұбының жеңімпазы

81 келі: Бекзат Нұрдәулетов – Памбеллоне (Жаңа Зеландия)/Умемура Рен (Жапония) жұбының жеңімпазы

6 наурыз

69 келі: Абылайхан Жүсіпов – Баттумур (Моңғолия)/Зарумалингам (Катар) жұбының жеңімпазы

69 келі: Валентина Халзова – Сюён Чои (Оңтүстік Корея)

75 келі: Надежда Рябец – Навбахор Хамидова (Өзбекстан)

7 наурыз

52 келі: Сәкен Бибосынов – Танака Риоми (Жапония)/Азат Үсеналиев (Қырғызстан) жұбының жеңімпазы

57 келі: Серік Теміржанов – Әл-Судани (Ирак)

51 келі: Ангелина Лукас – Ютамас Йитронг (Тайпей)

8 наурыз

91 келі: Василий Левит – Давлат Болтаев (Тәжікстан)/Сандажсурен (Моңғолия)

91 келіден жоғары: Қамшыбек Қоңқабаев – Рамезанпаурделвари (Иран)/Айхемайти (Қытай) жұбының жеңімпазы.

Тағы да оқыңыз: