Kyzylorda-news.kz Париж олимпиадасында ел намысын қорғап, Қазақстан қоржынына алтын мен күміс түсірген Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаев елге оралды. Оларды қазақстандықтар Алматы әуежайында қарсы алды. Онда дзюдошы Ғұсман Қырғызбаевқа көлік сыйланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Өте тамаша атмосфера. Әрине, Олимпиада ойындарының алдын аламын деп барғанмын, бірақ қолдан келгенді салдым. Бұйырғаны қола болды. Бәрі жақсы болды. Барша қазақ еліне алғысымды білдіргім келеді", - деді спортшы.
Автокөлікті Алматы қаласы дзюдо федерациясы Али Хамхоев пен Ержан Зайдинов сыйлаған. Оның маркасы - Toyota.
Бұл көліктің нарықтағы бағасы 40 миллион теңгеге дейін барады.
Фото: massaget.kz