Фото: telegram/olympickz

Kyzylorda-news.kz 2024 жылғы Париж Олимпиадасында дзюдодан чемпион атанған Елдос Сметов енді төрт жылдан кейін Лос-Анжелесте өтетін дүбірлі додаға дайындалатынын айтты.

«Осы уақытқа дейін Олимпиада алтынын алып, спорттағы карьерамды аяқтағым келді. Алайда Демеу Жадыраев 34 жасында Олимпиада ойындарында күміс медаль алғаннан кейін ойым өзгерді. Демеу мүмкін емес дүние жоғын дәлелдеді. Лос-Анжелесте өтетін Олимпиадаға дайындалып, көк туымызды тағы да биікке көтергім келеді», - дейді Елдос Сметов ұлттық арнаның эфирінде.

Тағы да оқыңыз: