Kyzylorda-news.kz  23 маусым – мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби мерекесі. Кәсіби мереке елімізде 2014 жылдан бері ел көлемінде аталып келеді. Кәсіби мереке жыл сайын аталып өтіліп, аталған сала мамандарына бұл күні құрмет көрсетіледі. 

Осы орайда Қызылорда қаласында мемлекеттік қызметкерлер күніне орай облыс әкімінің жүлдесіне арналған XXIX дәстүрлі облыстық, қалалық және аудандық жергілікті атқарушы органдар мен аумақтық мемлекеттік органдар қызметкерлері арасындағы спартакиада өтуде. Аталған спорттық сайыстар үстел теннисі, тоғызқұмалақ, волейбол, кіші футбол, жүзу, гір көтеру, шахмат, қазақ күресінен өтуде.

Бүгін – жарыстың бірінші күні. Жарыстың басталған бірінші күнінде-ақ сырдариялықтардың бәсі биік түсуде. Атап айтқанда үстел теннисінен Роза Бакуова, Ерсұлтан Әлтаев 2-орынды жеңіп алып, әріптестерінің мерейін арттыруда.

Мемлекеттік қызметшілер үшін бұндай спорттық сайыстың ұйымдастырылуы орынды. Қызметкерлер бір сәт күйбең тіршіліктен бой жазып, саламатты өмір салты нқалыптастыруға ден қоюда.

Айта кетейік, спартакиада 24 маусым мен 4 шілде аралығында өтеді. Сайысқа қатысушыларға сәттілік, ауданымыздың мемлекеттік қызметшілеріне сәттілік тілейміз!

Тағы да оқыңыз: