Қызылорда облысы білім басқармасының тәрбие, спорт және қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен мектеп оқушылары арасында саламатты өмір салтын қалыптастыру, бұқаралық спортты дамыту және облыстық үздік команданы анықтау мақсатында «Ұлттық мектеп лигасы» бағдарламасына сәйкес спорт түрлерінен облыстық іріктеу жарыстары өтті.
Ұлттық Мектеп лигасы – жас таланттарды табуға мүмкіндік беретін спорттық жарыстар, мектеп спортындағы ерекше жоба.  Спорттық іс-шараның негізгі мақсаты – балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту және насихаттаумен қатар, оқушылардың рухани қайрат-жігерін шыңдап, патриотизмге тәрбиелеу. Лига жарыстары барысында жасөспірімдер арасында командалық рух қалыптастыру. Баскетбол бес ойыншыдан тұратын екі команда қатысады. Баскетбол алаңының қарама-қарсы екі шетіне орнатылатын қалқаны бар тағандарға сақина бекітіледі. Ойынның мақсаты - допты қарсыласының сақинасына түсіріп, ұпай жинау. Ойыншылар допты лақтыруға, пас жасауға, домалатуға немесе жерге жиі-жиі ұрып дриблингпен алып жүруіне болады. Доп өзіне тигеннен кейін ойыншы онымен тек екі қадам ғана аттай алады. Баскетболды таза 20 минуттан екі тайм ойнайды. Таймдардың арасындағы үзіліс 10 минуттан тұрады. Ойынның басталуында төреші алаңның қақ ортасында командалардың екі ойыншысының арасында тұрып допты тіке лақтырады. Олар секіріп, допты командасындағы әріптестеріне тартып әперуге тырысады.
Сайыс нәтижесі бойынша үстел теннисінен Қазалы ауданының Е.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицейдің оқушылары гандболдан ер балалар арасында өткен жарыста Ғ.Мұратбаев атындағы №91 мектеп оқушылары жеңімпаз атанды. Сонымен қатар, баскетболдан қыз балалар арасында өткен жарысқа Қ.Сәтпаев атындағы №216 мектептің оқушылары қатысып, жүлделі үшінші орын иеленді. Үстел теннисі әрқашан жылдамдыққа бағытталған қатал сайыс екені рас. Алғашында XIX ғасырда оны түстен кейінгі ойын ретінде ермек қылған. Ойыншылар ас үстелінің үстіне тордың орнына кітаптарды қойып, шылымның қорабымен шампанның тығынын соғып ойнаған. Гандбол – олимпиадалық спорт түрі болғандықтан, ширақтықты талап ететін спорт түрін дамыту өңірлерде дұрыс жолға қойылып келеді. Бұл спорт түрінің пайда болу уақыты 1898 жыл деп есептеледі. Аталған спорт ойының дене шынықтыру мұғалімі Хольгер Нильсен ойлап тапты. Гандбол – 7-ге 7 ойыншыдан ойналатын топтық ойын, допты қолмен ғана ойнайды. Ойынның басты мақсаты – мүмкіндігінше қарсылас топтың қақпасына көбірек доп лақтыру. Ойын жабық алаңда өтеді, алаң тіктөртбұрыш секілді болып келеді. 
Бұдан бөлек үстел теннисі бойынша Е.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицейдің 10 сынып оқушысы Сайлаубаев Тимур, Ғ.Мұратбаев атындағы №91 мектептің 11 сынып оқушысы Әміржанов Даниял және Қ.Сәтпаев атындағы №216 мектептің 10 сынып оқушысы Ысқақ Үміт үздік атанып, білім басқармасының дипломымен марапатталды.
Облыстық іріктеу жарысында жеңімпаз болған командалар республикалық жарысқа жолдама алды.
 

Тағы да оқыңыз: