**[Kyzylorda-news.kz.](https://kyzylorda-news.kz/)** [](https://kyzylorda-news.kz/)**Nur Otan партиясының ұйым­дастыруымен «Нұр-Сұлтан – Түркістан» ұлы ма­рафоны Қызылордада жал­ғасын тапты.** Марафонның басты міндеті – жас ұрпақты патриотизм және Отанын құрметтеуге тәрбиелеу, сонымен бірге салауатты өмір сал­тын насихаттау. Тәуелсіздік күні мен жаңа Түр­кістан аймағын дамытуға ба­­ғыт­талған «Нұр-Сұлтан – Түр­кіс­тан» ұлы марафоны бастау ал­ған болатын. Қа­зақ­стан құры­лысшылар ода­ғы, Nur Otan пар­тиясының қол­дауымен ұйымдас­тырылған жа­­рысқа 10 тәжірибелі ультра­ма­­рафоншы қатысып жатыр. Нұр-Сұлтан – Сабынды – Жан­теке – Қорғалжын – Баршино – Қызылжар – Жезқазған – Қы­зылор­да – Түркістан бағытында жү­гіріп өтпек. Марафоншыларды Nur Otan партиясы және Jas Otan Жастар қанаты Қызылорда облыстық филиалының белсенділері қарсы алды. Ұйымдастырушылармен бір­ге ұлы марафонның ашы­лу салтанатына танымал спорт­шылар, депутаттар, Nur Оtan пар­тиясының өкілдері, қоғам қайраткерлері, кәсіпкерлер, құры­лысшылар қатысты. Бір аптада марафоншылар эстафетаны әр 10 шақырымнан жүгіріп өтіп, 1 400 шақырым жол­ды өтуі керек. Сонымен қа­тар ма­рафон аясында халықпен кездесулер өткізіледі. Ұлы марафон жүгірушілері Қарағанды облысы аумағындағы Бетпақдала шөлі арқылы жүгіріп өтеді. Ұйымдастырушылар мен қатысушылар үшін маршруттың бұл бөлімі аса қауіпті мекен са­налады. Жылдың осы уақы­тында шөл далада қарлы бо­ран соғады. Сондықтан мара­фонға жүгіру­шілер мен тәжіри­белі құт­қарушылар тобы, соны­мен қатар медициналық қызмет­керлер бірге еріп жүреді.