Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10 жылдығына орай және бұқаралық спортты дамыту мақсатында жеңіл атлетикалық марафон ұйымдастырды. 

Үшінші рет ұйымдастырылған көпшілік жүгіруге оқушылар, ата-аналар және мектеп қызметкерлері қатысты. 300-ден астам қатысушы Сырдария өзені жағалауымен 3 шақырым қашықтықта жүгірді. 

Марафон нәтижесі бойынша оқушылар арасында  11-сынып оқушысы Аблайхан Бертаев және 10-сынып оқушысы Надира Атымтай бірінші болып жүгіріп келді.  Ата-аналар арасында Кенжебек Шыңтемірұлы мен Динара Кенжигулова барлығынан озып, мәре сызығын кесіп өтті. Педагог-қызметкерлер арасынан Нариман Сариев пен София Тобылбаева жарыстың жеңімпаздары деп танылды. 

Ұйымдастырушылар тарапынан барлық жүлдегерлер естелік медальмен және дипломмен марапатталды.

394453660_3485376405125602_201534730777722864_n.jpg394761726_3485378718458704_296779274473619503_n.jpg394602408_3485378891792020_4927193993439187172_n.jpg394729988_3485376321792277_6146096471271703704_n.jpg

Тағы да оқыңыз: