Kyzylorda-news.kz. Бүгін Қызылорда қаласындағы Евразия спорт кешенінде «Нашақорлыққа жол - ЖОҚ» «Бәріңде жарысқа» ұранымен жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасындағы облыстық сайыс өтті.

Эстафеталық жарысқа Қызылорда қаласы мен аудандардан құралған 5 команда қатысты. Қазалы ауданынан №266 мектеп-лицей, Қармақшы ауданынан №183 орта мектеп, Жалағаш ауданынан №123 мектеп-лицей, Сырдария ауданынан №137орта мектеп және Қызылорда қаласынан №23мектеп-лицей оқушылары сайыста бақ сынады.

Салтанатты шараны облыстық мәдениет және спорт басқармасы бұқаралық спорт бөлімінің басшысы Ғалым Сихымов ашып, биыл дәстүрлі түрде 28-рет өткізіліп отырған жарыстың мектеп оқушылары арасында салауатты өмір салтын қалыптастырудағы рөлінің маңыздылығын айтып өтті. Сондай-ақ, Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, полициция майоры Мейрамбек Сұлтанханұлы өз құттықтау сөзінде балаларды нашақорлықтың алдын алу шараларымен таныстырып, барлығына сәттілік тіледі. 

Айта кетейік, бұл жарыс бұған дейін әр аудан және қала мектептері арасында өткізіліп, жеңімпаздар бүгін өзара сынға түсті. Әрбір команда бес эстафета бойынша спорттық дайындығын көрсетіп, белсенділік танытты. 

Сайыс қорытындысы бойынша Қызылорда қаласы мен Сырдария және Қармақшы аудандары жеңімпаз атанды. 

Динара МАХАНОВА

339127848_129779106729338_3945026702592002702_n.jpg
339126454_225166696843404_5285977749063215252_n.jpg

Тағы да оқыңыз: