Kyzylorda-news.kz Қызылорда қаласындағы «Мұз айдыны» спорт кешені 2013 жылдан бері спорттың түрлі бағыты бойынша спорт сүйер қауымға сапалы қызмет көрсетуде. Орталықта мұз алаңы, ойын залы, грек-рим күресі, көркем гимнастика, жаттықтырушы-оқытушылар бөлмесі, сонымен бірге спорттық билерге арналған хореографиялық сынып бар.

Сонымен қатар, аталмыш спорт кешенінде мүмкіндігі шектеулі балалардың мұз алаңында еркін сырғанауына да мүмкіндік қарастырылған. Бүгінде бұл орталыққа келушілер саны күн сайын артып келеді.

Осы ретте аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес, «Мұз айдыны» спорт кешені демеушілер есебінен күрделі жөндеуден өтіп, қайта жаңғыртылды. Атап айтсақ, орталықтың қосалқы кіреберіс аумағы кеңейтіліп, орталықтың шатыр бөлігі толықтай ауыстырылды. Сонымен қатар, қалаға ерекше көрік беру мақсатында орталықтың қасбетіне лэд экран орнатылып, заманауи жарықшамдар қойылды. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта жалғасын табатын болады.

Фото: freepik.com

Тағы да оқыңыз: