Kyzylorda-news.kz«AMANAT» партиясының қолдауымен «Жарық» бастауыш партия ұйымына қарасты «ТОРҒАЙ-ПЕТРОЛЕУМ» акционерлік қоғамы, «Құмкөл» кенішінде геология саласының қызметкерлері арасында волейболдан турнир өтті.

Спорттық сайыста «Алға», «Сұңқар», «Банда Багдата», «Тарлан», «Бразилия» топтарынан құралған бес команда бақ сынады.

Турнирге волейболдан жоғары дәрежелі жаттықтырушылар Әбдіқахар Дінислам Әбдірахымұлы және Өміртай Мейрамбек Арманұлы төрелік етті. Мұнайшылар арасында ұйымдастырылған спорттық сайыс тартысты өтті.  Сайыс қорытындысымен І орынды «Тарлан» (80 000 теңге қаржылай сыйақысымен), ІІ орынды «Бразилия» (75 000 теңге қаржылай сыйақысымен), ІІІ орынды «Сұңқар» (70 000 теңге қаржылай сыйақысымен) командалары қанжығалады.

Спорт турниріне белсенді қатысқан «Банда Багдата» және «Алға» командаларына (65 000 теңге сыйақысымен) ынталандыру сыйлықтары табысталды.

Дүбірлі доданың қорытындысымен үздік ойын көрсеткен 34 ойыншыға арнайы сыйлықтар табысталды. Ал үздік өнер көрсеткен ойыншылар «Үздік ойыншы», «Үздік шабуылдаушы», «Үздік қорғаушы», «Үздік либеро», «Үздік үйлестіруші» номинациясымен марапатталды.

Тағы да оқыңыз: