Kyzylorda-news.kz. Бүгін Қазалы ауданында өтіп жатқан ауыл спортшыларының «Алтын күз – 2022» спартакиадасының екінші күні. Тартысты ойындардың нағыз қызған шағы. Жеті ауданның спортшылары өз топтарынан үздік шығу үшін барын салуда. Бүгінде кейбір спорт түрлерінен жарыс аяқталып, жеңімпаздар белгілі болуда.

Қазалы ауданының үстел теннисшілері мен тоғызқұмалақшылары қарсыластарынан айласын асырып, жеңімпаз атанды. Ал, ұлттық спорт түрі – бес тас пен асық атудан ерлер мен әйелдер құрамасы да үшінші орынға ие болды. Ыбырай Алтынсарин атындағы №204 мектебінде қыздар арасындағы қол добынан жарыс қызып жатыр. Түске дейін Қазалы ауданының құрамасы Қармақшы ауданынан келген қарсыластарымен алаңға шығып, өзара мықтыны анықтады. Тартысты өткен ойында жерлестеріміз айқын басымдылықпен жеңіске жетті.

Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев спартакиада жарыстары өтіп жатқан білім ордасына арнайы барып, қос команда арасындағы ойынды тамашалады.

Айта кетейік, ауыл спортшыларының спартакиадасы 1986 жылы Сырдария ауданында бастау алған. Дәстүрлі жарыс биыл 35 мәрте ұйымдастырылып отыр. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінде ауыл спортшыларының «Алтын күз - 2022» ХХXV облыстық спартакиадасы бастау алғанын хабарлаған болатынбыз

спорт1.jpg

Тағы да оқыңыз: