Kyzylorda-news.kz Франция елінен ақжолтай жаңалық жетті. Әлемнің 70 елінен 382 спортшы бақ сынасқан Париж төріндегі WKF Каратэден әлемдік топ 32 рейтингтің Премьер-лига турнирінде Сыр мақтанышы Мөлдір Жаңбырбай 50 кг салмақ дәрежесінде ІІІ орынға ие болып, қола жүлдені ел қоржынына салды.
Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының хабарлауынша, спортшының жаттықтырушысы – Нұржан Ақпанбет. Қола жүлде құтты болсын, Сыр елі!
Фото: Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы