Kyzylorda-news.kz. «Мұз айдыны» спорт кешенінде Көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы Қызылорда облысының ашық чемпионаты өтуде.

Жарысты облыстық мәдениет және спорт басқармасы басшысының орынбасары Асылжан Жаманқұл ашып, бірқатар спортшыларға Қазақстан Республикасының спорт шебері және спорт шеберлігіне кандидат атақтарын табыстады. 

Чемпионатта республикамыздың қалалары мен өңірлерінен құралған 15 команда 430-ға жуық гимнастшы өз шеберліктерін сынауда. Жарыс 19 желтоқсан күні қорытындыланбақ.
 

24.jpg20.jpg

Тағы да оқыңыз: