Kyzylorda-news.kz Сырдария ауданы Тереңөзек кентінде кіші футболдан және көгалдағы хоккейден ҚР спорт шебері, Қазақстан Республикасының  8 дүркін чемпионы, индорхоккейден 5 дүркін чемпион сырбойылық спортшы Шыңғыс Сәбитұлын еске алуға арналған аудандық ашық турнирдің ашылу салтанаты өтті.

Іс шараға Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы басшысының орынбасары Жігер Айекешов, Сырдария ауданы әкімінің орынбасары Димаш Байдушев, облыстық мәслихат депутаты Жұмабек Ембергенов спортшының қажырлы еңбегі мен жеңісті сәттерін еске алып, өнегелі жолын жас ұрпаққа үлгі ретінде насихаттау керектігін айтты. 

Сондай-ақ, құрметті қонақтар барлық жарыс қатысушыларына сәттілік тіледі. Байрақты бәсекеде барлық ауданнан келген 13 команда, 150-ге жуық спортшы өзара бақ сынаспақшы.

Фото: Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы

Тағы да оқыңыз: