Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласындағы «Сейхун» спорт кешенінде «Қызылордажылуэлектрорталығы» кәсіпорнының цехтары мен бөлімшелері арасында футзалдан дәстүрлі жарыс өтті. 

Сайысты 22 наурыз - Ұлыстың ұлы күніне орай «Қызылордажылуэлектрорталығы» басшылығының қолдауымен кәсіподақ ұйымы ұйымдастырды. 

Ұжым қызметкерлері арасында өткен сайысқа жүзден астам қызметкер қатысты. 

«Кәсіпорын қызметкерлері арасында футзалдан өткізілетін сайыс жыл сайын ұйымдастырылады. Биыл үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр. Бұл спорттық шара жұмысшылар арасында салауатты өмір салтын насихаттайды. Сайыс  алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады», - дейді кәсіподақ комитетінің төрағасы Ғалымжан Қайырбергенов. 

Айта кетейік, жеңімпаздарға кубок табысталып, жүлдегелер ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

ТЭЦ2.jpg
ТЭЦ кубок.jpg

Тағы да оқыңыз: