Kyzylorda-news.kz. Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан XIX жазғы Азия ойындарында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің түлектері  дзюдодан қола медаль олжалады.

Жазғы Азиаданың алғашқы күнінде Мағжан Шамшадин 60 келіге дейінгі салмақта қола жеңіп алды. Үшінші орын үшін күресте отандасымыз Тәжікстаннан келген палуан Мерзод Суфиевті жеңді.

Ал дзюдошы Абылайхан Жұбаназар 81 келі салмақта 3-орын үшін өзбекстандық Мусо Собировпен шеберлік байқасып, қарсыласын иппон әдісімен жеңіп кетті. Байрақты бәсекеде спортшы қола жүлдені иеленді. 

Азия ойындарында 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үшінші орынға таласқан Нұрлыхан Шархан Оңтүстік Корея өкілі Йон Хун Воннан басым түсті.

Университет түлектерінің үшеуі де Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Дене шынықтыру және спорт» мамандығында білім алған.

Айта кету керек, дүбірлі додада ел мерейін арттырған спортшылар – ҚР Ұлттық құрама командасының мүшесі.  Мағжан Шамшадин мен Абылайхан Жұбаназар дзюдодан ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ал Нұрлыхан Шархан ҚР спорт шебері. 
 

Нұрлыхан Шархан 3.webp

 

Мағжан Шамшадин1.webp

Тағы да оқыңыз: