Kyzylorda-news.kz. «Қазақстан Республикасы Тоғызқұмалақ спорты Федерациясы» ЗТБ-нің 2022 жылдың қорытындысы бойынша Қызылорда «Ең үздік облыс» номинациясының иегері атанды. Үш жыл қатарынан республикада Қызылорда облысы бірінші орында тұр. 

Былтырғы жыл қорытындысы бойынша қызылордалық тоғызқұмалақшылар ҚР чемпионаттарынан 21 алтын, 11 күміс және 14 қола медаль алса, Әлем, Азия кубоктары мен чемпионаттарынан 3 алтын, 6 күміс, 3 қола медаль иеленді. 

Облыста 1000-ға жуық спортшы ұлттық спорттың осы түрімен кәсіби айналысады, 25-тен аса спортшы Ұлттық құрама сапында өнер көрсетіп, ел мәртебесін асқақтатуда.

324624709_2988725111434146_2818326404305974629_n.jpg

Тағы да оқыңыз: