Kyzylorda-news.kz Қызылордалық ауыр атлет Ерасыл Сәулебеков Испанияның Леон қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында жүлдегер атанды.

81 келіге дейінгі салмақта Сәулебеков қоссайыста (154+190) 344 келі нәтижемен өнер көрсетті. Осы нәтиженің арқасында Ерасыл серпе көтеруде күміс, құрама сайыста қола медальді жеңіп алды.

Айта кетейік, қызылордалық спортшы 73 келі салмақта 17 жасқа дейінгілер арасында екі дүркін әлем чемпионы атанды.

Фото: Instagram/wf_rk

айдар2.jpeg

Тағы да оқыңыз: