Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен облыс оқушылары арасында қазақ ұлттық ойындарынан сайыс өткізілді. Іс-шараға 500-ден астам бала қатысты.  

Сайысқа қатысушылар қол күрес, бұқа тартыс, ләнгі тебу, асық, батпан көтеру, бес асық, қыз қуу, шоқпарласу сынды қазақтың ұлттық ойындарынан сынға түсті. Жарысқа жоғары сынып оқушылары қатысты. Өткізілген ойындардың қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды.

Полиция қызметкерлері қазақ ұлттық ойындарыннан жүлделі орындарға ие болған жеңімпаздарды құттықтап, сыйлықтар табыс етті.    

Жарыс барысында оқушылар күшімен концерттер ұйымдастырылды. Барлық қатысушылар спорттық жарыстарға жиі қатысуға ниет білдірді.

Динара МАХАНОВА

WhatsApp Image 2023-04-25 at 16.03.53 (1).jpegWhatsApp Image 2023-04-25 at 16.03.54.jpeg

Тағы да оқыңыз: