Kyzylorda-news.kz Шымкент қаласында 2025 жылғы 24-26 қараша аралығында Qazaq Kuresi Ассоциациясының ұйымдастыруымен ересектер арасында Қазақ күресінен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Қазақстан чемпионатына Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан және еліміздің 17 өңірінен келген 500-ге жуық балуан қатысты. Жарыс 16 салмақ дәрежесінде өтті.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының инспекторы полиция лейтенанты Сақтағанов Еңбек 90 келі салмақ дәрежесінде бақ сынады. Тартысты өткен додада қарсыластарын жеңген полицей жеңіске қол жеткізді.
