Kyzylorda-news.kz  Астана қаласында боксшылар арасында Азия чемпионаты өтті. Чемпионатта 54 келі салмақтағы 23 жасқа дейінгі ерлер арасында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық» білім беру бағдарламасының студенті, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Нұрсұлтан Алтынбек жеңіске жетіп, екі дүркін Азия чемпионы атанды.

2003 жылы туған жас боксшы Нұрсұлтан Алтынбек Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің студенті. Сондай-ақ Халықаралық деңгейдегі спорт шебері.

Бұған дейін жас спортшы 2019 жылы жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионы атағын иеленген. Сонымен қатар сол жылы жасөспірімдер арасында Азияның күміс жүлдегері атанған. Боксшы өткен жылы бокстан жастар арасында Қазақстан чемпионы атанса, осы жылы Дубай қаласында өткен бокстан жастар арасындағы Азия чемпионы болды. Сондай-ақ 2021 жылы ересектер арасында өткен Қазақстанның қола жүлдегері және басқа да халықаралық турнирлердің жеңімпазы атағына ие болды.

Нұрсұлтан финалда моңғолдық Оюн-Эрденмен жұдырықтасып, 5:0 есебімен айқын ұтты. Бұл жеңіс ел тарихына енді. Ол 23 жасқа дейінгі қазақ боксшыларынан шыққан тұңғыш екі дүркін жеңімпаз болды.

Азия жеңімпазын ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, ҚР бокс федерациясының бас бапкері Мырзағали Айтжанов пен жеке бапкері Жәміл Жүсіп дайындады.

               

Қорлан САРЫ
aqmeshit-zhastary.kz

Тағы да оқыңыз: