Kyzylorda-news.kz Қызылорда қаласының ғасырлық мерейтойына тамаша тарту!

Елордада ҚР Парламенті Мәжілісінің ұйымдастыруымен 25 қазан – Республика күніне орай бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері арасында шағын футболдан «Majilis Cup – 2025» республикалық турнирі өтті.

Төртінші мәрте ұйымдастырылған доп додасына еліміздің барлық өңірінен келген 20-ға жуық команда қатысты. Сол командалардың ішінен ерекше ойын өрнегін көрсеткен Қызылордалық «Ақмешіт» футбол командасы жоғары нәтижеге қол жеткізіп, бас жүлдені жеңіп алды!

Жарыс нәтижесі:

«Ақмешіт» командасы (Қызылорда) – І орын

«AsNews» командасы (Астана) – ІІ орын

KFF Media командасы (Астана) – ІІІ орын

Кызылординский «Ақмешіт» – победитель республиканского турнира «Majilis Cup – 2025» 1.jpg

Фото: Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы

Тағы да оқыңыз: