Kyzylorda-news.kz. «Nomad Palaсe» мейрамханасында КСРО спорт шебері Евгений Тихонович Червоненконы және Раис Салихович Бадретдиновты еске алуға арналған велосипед спортынан көпкүндік  ұлдар мен қыздар арасындағы республикалық жарыстың салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Салтанатты шараға Қызылорда облыстық мәдениет және спорт басқармасы басшысының орынбасары Асылжан Жаманқұл, Қызылорда облыстық велоспорт федерациясының президенті Садық Мұстафа, «Kaz Petrol group» компаниясының бас директоры Ержан Тазабеков және Евгений Червоненконының жұбайы Татьяна Николаевна мен Раис Бадретдиновтың ұлы Ариф  Бадретдинов, велоспорт ардагерлері және БАҚ өкілдері қатысты.

Жарысқа Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Маңғыстау, Қызылорда облыстарымен Сарань қаласынан 100-ге жуық спортшы қатысуда.
Республикалық жарыстың бас демеушісі «Kaz Petrol group» компаниясының бас директоры Ержан Тазабеков Қызылорда облысының велосипед құрама командасының спортшыларына велоформа табыстады.

Сондай-ақ, қатысушылар КСРО спорт шебері  Әлем Чемпионы Марат Сатыбалдиевтің және Евгений Червоненконының ұлы Александр Червоненконың видео құттықтауын тамашалады. 

Салтанатты шара барысында жарыстың бірінші кезеңі бойынша жеңімпаз, жүлдегер атанған командалар марапатталды. Жалпы республикалық жарыс 7 мамыр күні қорытындыланып, мықтылар анықталады деп жоспарланған.

Тағы да оқыңыз: