Kyzylorda-news.kz Қызылорда облыстық Татар этномәдени орталығының онкүндігі аясында алғашқы рет – «Тақиядағы жүгіріс» сайысы өтті.

№4 мектеп маңындағы Арбаттан басталған шараға түрлі жастағы қатысушылар жиналып, ұлттық бас киім – тақия киіп, жарыс жолына шықты.

500 метрден 1000 шақырымға дейінгі қашықтықта өткен жүгіріс сайыстары ерекше көңіл-күй сыйлап, қызықты сәттерге толы болды.

Жас ерекшелігіне қарай 5 кезеңнен тұратын жарысқа:– ардагерлер,– бастауыш сынып оқушылары,– орта және жоғары сынып оқушылары,– жастар қатысты.

Шара соңында барлық қатысушылар мен жеңімпаздар марапатталып, керемет әсермен тарқасты.

Фото: Ассамблея Қызылорда

Тағы да оқыңыз: