Kyzylorda-news.kz «Қазақстан Халық» партиясы Қызылорда облыстық филиалы, №39 «Қызылөзек» орта мектебінің ұйымдастыруымен Қазақстан Халық партиясының 20 жылдығына орай, сондай-ақ 1 маусым – халықаралық балалар күні қарсаңында жасөспірімдер арасында «Спорт – өмір серігі»  атты шағын футболдан турнир өтті.

Аталған іс-шараға Қызылөзек ауылдық округіне қарасты Қаракөл, Айнакөл, Қызылөзек ауылдарынан 8 команда қатысып, бақ сынады.

Спорттық іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдердің спортқа деген қызығушылығын дамыту, балаларға спорттың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, оқушыларға саламатты өмір салтын үйрете отырып, жазғы демалыс уақытын тиімді өткізуге атсалысу.

Турнир қорытындысымен І орынды Қаракөл ауылы жеңіп алды. Ал, ІІ орынды Айнакөл ауылы, ІІІ орынды Қызылөзек ауылынан келген командалар бөлісті.

Шағын футбол турнирі тартысты әрі қызықты өтті. Турнирде ойынның әділ өтуін қадағалаған төрешілер команда ойынын ғана бақылап қоймай, командада ерекшеленген ойыншыларға да көңіл аударды. Осылайша үздік ойын көрсеткен ойыншыларға  «Үздік шабуылшы», «Үздік қақпашы», «Үздік қорғаушы» номинациялары беріліп, арнайы статуеткаларымен марапатталды. Барлық қатысушы командаларға алғыс хаттар табысталды.

Тағы да оқыңыз: