Kyzylorda-news.kz Қызылорда облысында 2008 және одан кейінгі жылы туған жасөспірімдер арасында қол добынан Қазақстан Республикасының чемпионаты өз жалауын көтерді.

Тартысты додаға еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған Астана, Алматы қалалары мен Қарағанды, Ақтөбе, Жамбыл және Қызылорда облыстарынан 6 команда қатысуда. Тиісінше, жалпы саны 115-ке жуық жас спортшы чемпион атану жолында өзара бақ сынамақ.

Жарыстың салтанатты ашылу рәсіміне Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы басшысының орынбасары Жігер Оңдасынұлы Айекешов, Қазақстан гандбол федерациясының вице-президенті Садық Мұстафа, сондай-ақ ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ким Вячеслав қатысты.

Ашылу барысында құттықтау сөз сөйлеген басқарма басшысының орынбасары Жігер Оңдасынұлы спортшыларға сәттілік тілеп, дүбірлі доданың жоғары деңгейде және тартысты өтетініне сенім білдірді. Сондай-ақ, осындай жарыстардың жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға және достық байланысты нығайтуға өз септігін тигізетінін атап өтті.

Сондай-ақ, шарада құрметті қонақтар да құттықтау сөз сөйлеп, қатысушы командаларға жеңіс тіледі.

Чемпионат алты күнге созылып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы медаль және алғыс хаттармен марапатталады.

Фото: Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы

Тағы да оқыңыз: