Kyzylorda-news.kz Қызылордада кәсіби футзал клубы құрылды. Бұл туралы журналист Әділбек Жаханов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
– Сыр өңірінде "Qyzylorda" футзал клубы құрылды! Жаңа команда тек жергілікті талантты аяқдопшылармен жасақталатын болады. Бүгінде аймақтың әуесқойлар лигасында 10 мыңға жуық адам шағын футболмен шұғылданып жүр. Клуб алғашқы қадамын 25-30 тамыз аралығында Қазақстан кубогы бәсекесінен бастайды. Негізгі мақсат – биыл футзалдан Қазақстан Бірінші лигасында өнер көрсету, – дейді журналист.