Kyzylorda-news.kz. Бүгін «Мұз айдыны» спорт кешенінде Қызылорда облысының грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы қоғамдық бірлестігінің конференциясы өтті.  

Конференцияға облыстық мәдениет және спорт басқарма басшысының орынбасары А.Жаманкұл, ҚР Құрметті спорт қайраткері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы С.Мұстафа, федерация вице-президенті Е.Кукетов, облыстық мәдениет және спорт басқармасына қарасты мекеме басшылары мен күрес түрлерінен жаттықтырушылар қатысты.

Күн тәртібінде басты мәселе федерация төрағасын тағайындау болды. Асхат Мамадахунов Қызылорда облысының грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының төрағалық қызметін тоқтатып, Бақдәулет Мақашев федерациясының төрағалық қызметіне тағайындалды. 

Конференция жұмысында Қызылорда облысының грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының құрметті президенті лауазымына Мұстафа Садық Шоңмұрыңұлы тағайындалды. Сондай-ақ, аталмыш федерациясының атқарушы директор, бас хатшы, вице-президенттері тағайындалды. Жиын барысында Күрес түрлерінен облыс аға жаттықтырушыларының атқарылған жұмыстар бойынша баяндамалары жасалып, алдағы жоспарлары талқыланды. 

336494404_1215974505786379_3155500044958091335_n.jpg

Тағы да оқыңыз: