Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласындағы «Еуразия» спорт кешенінде 26 қараша күні өңірімізде алғаш рет ережесіз жекпе-жектен «Orda Zhekpe-zhek» клубының «Orda zhekpe-zhek Championship-1» халықаралық кәсіпқой түрнирі өтті.

Ережесіз жекпе-жек турниріне Қырғыстан, Тәжікстан, Өзбекстан елдерінің спортшылары және де Қызылорда облысының оның ішінде «Orda Zhekpe-zhek» клубының тәрбиеленушілері қатысып, өзара күш сынасты. Турнирде барлығы 14 жекпе-жек өтті. Оның ішінде басты 2-еуі титулдық жекпе-жек болды.

«Orda Zhekpe-zhek» клубының спортшысы Иманғали Қожахмет титулдық жекпе-жекте Өзбекстаннан келген атлет Жавохир Журакуловты қылқындыру әдісімен жекпе-жекті уақытынан бұрын аяқтап, өзінің әлем деңгейіндегі чемпиондық белбеуін сәтті қорғады.

Спорт кешінің арнайы чемпиондық белдігі үшін басты жекпе-жегі «Orda Zhekpe-zhek» клубының жауынгері Бейбітжан Қобланов пен Өзбекстаннан келген спортшы Сардорбек Абилхаиров арасында өтті. Тартысты жекпе-жектің нәтижесінде Бейбітжан Қобланов қарсыласын уақытынан бұрын ауырту әдісімен жеңіп, «Orda zhekpe-zhek Championship-1» тұжырымдамасының 57 келі салмақтағы чемпионы атанды.

«Жекпе-жек спорт түрлері жастардың физикалық және психологиялық тұрғыдан дамуына септігін тигізері анық. Себебі ер бала физикалық тұрғыдан әрқашан мықты болса, оның мінезі де соған сәйкес тұрақты болады. Жалпы, баланы жекпе-жек спорт түріне берудің себебі көп. Ең алдымен балаңыз өзін-өзі қорғай алатын дәрежеге жетеді. Онымен қоса, өзіне деген сенімділігі артып, мотивация пайда болады. Тәртіп, жетістік, жаттығулар, агрессияны дұрыс пайдалана білу деген секілді жақсы қасиеттерді бойына сіңіреді. Алдағы уақытта да осындай турнирлердің жиі өтуіне өз тарапымыздан ықпал жасайтын боламыз», – деді аймағымыздың спорт жанашыры Ғалымжан Ержанов.
 

316239850_5435454253244262_1017589269991576222_n.jpg

316257587_5435452843244403_3475787224326987791_n.jpg

316121746_5435454426577578_6545407996707921251_n.jpg

WhatsApp Image 2022-11-28 at 11.14.56.jpeg

WhatsApp Image 2022-11-28 at 11.14.54.jpeg

Тағы да оқыңыз: