Kyzylorda-news.kz.  Еліміздің әр өңірінде    бәйгеден Қазақстан чемпионатының іріктеу кезеңдері өтіп жатыр. Қызылордада 20-сәуірде өтеді деп жоспарланған.

Шабандоздар Құнан бәйге, Топ бәйге, Аламан бәйге бойынша додада бақ сынамақ. Бәйгенің жүлде қоры да қомақты екенін айта кетейік. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте  облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы  Жанмұрат Сейілов  айтты.

  – 20 сәуірде сағат 12:00-де Қызылорда ипподромында бәйгеден Қазақстан республикасының чемпионаты – OLIMPBET-тің ІІІ іріктеу кезеңі өтеді. Үздіктерден үздік шабандоздар Құнан бәйге, Топ бәйге және Аламан бәйге бойынша додада өз шеберліктерін көрсетеді. Сондай-ақ  қыз-келіншектер арасында «Ұлттық сезім» ұлттық киімдер байқауы өтеді. Оның жүлде қоры 1 500 000 теңге. Бұл еліміздің сұлуларына ұлттық киім бойынша өзіндік стилі мен сұлулығын көрсетуге тамаша мүмкіндік. Бір айта кетерлігі, чемпионаттың бас серіктесі – OLIMPBET көрермендер үшін жалпы сомасы 3 000 000 теңгені құрайтын жүлделер ұтыс ойынын өткізеді, – деді  Жанмұрат Жақсымұратұлы.  

Жүзден жүйрік деп танылған сәйгүліктер ең соңында Астана қаласында өтетін финалдық додаға қатысады.

Камилла САҒЫНДЫҚОВА,

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің

ІІ курс студенті

Тағы да оқыңыз: