Kyzylorda-news.kz Қазалы ауданында пробация есебіндегі азаматтар арасында шағын футболдан жарыс өтті. «Заң мен тәртіп» қағидасы аясында ұйымдастырылған спорттық шараның мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттап, бұқаралық спортты дамыту.
Жарысқа үш команда қатысып, тартысты ойын өрнегін көрсетті. Нәтижесінде «Барыс» командасы І орын, «Реал» ІІ орын, «Құлагер» ІІІ орынды иеленді. Сонымен қатар үздік ойыншылар арнайы номинациялар мен қаржылай сыйақыларға ие болды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді Қазалы аудандық прокуратурасы, пробация қызметі және жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің өкілдері дипломдармен, медальдармен және қаржылай сыйақылармен марапаттады.
Айта кетейік, жарыс «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандар мен пробация есебінде тұрған азаматтарды қайта әлеуметтендіру және әлеуметтік бейімдеу» әлеуметтік жобасы аясында өткізілді.
Сурет: Polisia.kz
