Kyzylorda-news.kz. Кеше «Евразия» спорт кешенінде бастау алған ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының кубогіне арналған «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Барысы» қазақ күресінен республикалық турнирі өз мәресіне жетті.

Бүгін Түйе палуандардың белдесулері өтіп, «ҚР Ұлттық қауіпсіздік барысы» анықталады.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсіміне Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары Марат Қалқабаев және Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов қатысты.

Естеріңізге сала кетейік жарыстың бас төрешілері Ғалым Ержанов  пен Нұржан Қазбеков болды.

Түйе палуандардың жарысы 90 келіге дейін және 90 келіден жоғары салмақта өтті.

Жарыс қорытындысы бойынша 90 келі салмақта Дулат Қасымов - 3-орын (Шекара академиясы), Бақыт Демеу 2-орын (Атырау облысы) иеленді. Ал, «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің барысы» атағы мен алтын белбеу Қайыр Мұхамедияға (Орталық аппарат) бұйырды.

90 келіден жоғары салмақта Айдос Мусиров 3-орын (ҰҚК Үкіметтік байланыс қызметі), Айбек  Зарлық 2-орын (Ақтөбе облысы) және Қызылорда облысынан Ғалымжан Әбдрахманов «ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің БАРЫСЫ» атанды. 

330625548_976728686648672_7465713562115883467_n.jpg

 

331991817_1208591086529268_3461521633854633256_n.jpg

 

334561401_943574747061367_672272765143676013_n.jpg

 

331708755_1186107218705420_8279842691889063945_n.jpg

 

331747473_1126889904653985_1567917528309625858_n (1).jpg

 

332876253_701731235011258_5190906823157568540_n.jpg

 

332195117_1399805950755403_8797068600797739073_n.jpg

Тағы да оқыңыз: