Kyzylorda-news.kz Қазыналы қарттарымыздың мерейлі күні қарсаңында ардагерлер жаңадан бой көтерген заманауи стадионды алғашқылардың бірі болып тамашалады. Бұл спорт кешені 11 мың көрерменге арналған. Ардагерлер нысанның құрылысымен және ондағы мүмкіндіктерімен танысты. Жаңа стадион халықаралық талаптарға сай салынған. Мұнда футбол матчтарын өткізумен қатар, түрлі мәдени-көпшілік іс-шараларды ұйымдастыруға да жағдай жасалған. Қазыналы қарттар жаңа стадионның құрылысына оң бағасын берді.

Ардагерлердің келесі бағыты - физика-математика бағытындағы мектеп-интернаты. Қазыналы қариялар жаңа білім ордасының құрылымымен, оқу сыныптарымен және зертханаларымен танысты. Бұл мектептің аймақ үшін маңызы зор, өйткені мұнда ғылымға бейім жасөспірімдер тереңдетілген білім алып, болашақта елдің ғылыми-техникалық дамуына үлес қосатын мамандар ретінде қалыптасады. Аға буын өкілдері жаңа мектеп-интернаттың заманауи талаптарға сай жабдықталғанын атап өтіп, оқушыларға сапалы білім мен тәлім берілетініне сенім білдірді.

Жақында ғана аймақтың сол жағалауынан заманауи үлгіде салынған “Syr-Darya” коммуналдық базары ашылған болатын. Халықаралық қарттар күніне орай ардагерлер осы жаңа нысанмен танысты. Заманауи талаптарға сай салынған базарда сауда-саттық үшін қолайлы жағдай жасалған. Мұнда тұрғындар күнделікті тұтынатын тауарларды тиімді бағамен сатып ала алады. Ардагерлер базардың кең де жарық павильондарын аралап көріп, жергілікті халыққа көрсетілетін қызмет сапасын жоғары бағалады.

Аймақ ардагерлері Мәдениет және спорт нысандарын аралады.jpg

Одан соң ардагерлер жаңа теннис орталығына барды. Заманауи үлгіде салынған спорт кешенінде халықаралық стандарттарға сай жабық және ашық корттар орналасқан. Мұнда балалар мен жастардың спортпен айналысуына барлық жағдай жасалған. Жаңа нысындардың көптеп салынуы қала келбетін ажарландыра түспек,- дейді қазыналарымыз.

Одан соң ардагерлер облыстық тарихи-өлкетану музейіне барды. Музейде олар аймақтың бай тарихы мен мәдени мұрасын таныстыратын жәдігерлерді тамашалады. Экспозиция залдарында сақталған көне артефактілер, этнографиялық бұйымдар мен құнды құжаттар ардагерлердің ерекше қызығушылығын тудырды.

Ардагерлердің келесі нысаны - музыкалық колледж болды. Олар оқу орнының жаңа мүмкіндіктерімен, заманауи жабдықталған аудиторияларымен және шығармашылық залдарымен танысты. Аға буын өкілдері жас музыканттарға, жалпы өнерге жасаған қамқорлықты жоғары бағалап, осындай білім ордасы өңірдің мәдени дамуына зор үлес қосатынын атап өтті.

Тағы да оқыңыз: