Kyzylorda-news.kz. Бүгін Қазалы ауданында өтіп жатқан ауыл спортшыларының «Алтын күз – 2022» спартакиадасында қазалылық тоғызқұмалақшылар чемпион атанды.
Команда құрамында Сәбит Шүленбаев, Шыңғыс Ұзақ, Данияр Тұрлыбек, Ұлдана Маханбетамин, Айжан Әбілтаева сәтті өнер көрсетті. Команда жетекшісі Серік Еркебаев.
Бес тас пен асық атудан қос қола медаль иеленді
Ауыл спортшыларының спартакиада бағдарламасына енген ұлттық спорт түрлері – бес тас пен асық атудан қазалылықтар қос қола медальға қол жеткізді.
Асық атудан аудан құрамасының сапында Майлыбас ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы Дәуренбек Құрманбаев, С.Сейфуллин атындағы №165 мектептің мұғалімі Мұратбек Үсентай, М.Горький атындағы №16 мектеп-лицейдің мұғалімі Асылхан Байсүгіров және Әйтеке би кентіндегі №17 Қазалы олимпиадалық резервтың мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің жаттықтырушысы Наурызбай Дәулеталиевтер өнер көрсетті. Ал, бес асықтан аудан намысын Ж.Жабаев атындағы №234 мектептің мұғалімдері Ардақ Досанова пен Гүлнұр Өмірбекқызы, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жетекші маманы Раиса Тасыбаевалар қорғады.
Сонымен қатар шахматтан аудан құрамасы екінші орынға ие болып, күміс жүлдені жеңіп алды. Команда құрамында Әбдірейім Шүренов, Мұрат Әбдіқалықов, Аида Үйрекбай және Әлия Таубай өнер көрсетті.