Kyzylorda-news.kz  Өткен жұмада Қазалы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі мен Қазалы ауданы бойынша білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Жас құтқарушы-2024» әскери қолданбалы спорт түрлерінен мектеп оқушылары арасында сайыс өтті.

Сайыс 7 кезеңнен тұрды. Бұлар – кедергілер арасынан өтіп қайтарда тіке қайту, газ тұмылдырық пен өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың киімін уақытқа кию, алғашқы медициналық көмек пен туннельден өтіп нысанаға оқ ату мен жауынгерлік қанат жаю және өрт қауіпсіздігі тақырыбында сурет салу, оны қорғау бойынша өзара бақтарын сынады.

Жарыс қорытындысына сәйкес, кедергілер арасынан өтіп қайтарда тіке қайту сайысы бойынша жүлделі бірінші орынды №16 мектеп-лицейден келгендер, екінші  орынды №17 мектеп және үшінші орынды №70 мектеп командасы жеңіп алды. Газ тұмылдырық кию сайысы бойынша жүлделі бірінші орынды №16 мектеп-лицей шәкірттері, екінші орынды №17 мектеп командасы және үшінші орынды №276 мектеп командасы иемденді.

Өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың киімін уақытқа кию сайысы бойынша жүлделі бірінші орын №276 мектептің қатысушылары, екінші орын №70 мектеп командасы және үшінші орын №17 мектеп оқушылары қанжығасына байлады.

Алғашқы медициналық көмек сайысы бойынша жеңіс тұғырынан №16 мектеп-лицей командасы көрінсе, екінші орын №17 мектеп және үшінші орын №95 мектеп командасына бұйырды.

Туннельден өтіп нысанаға оқ ату сайысы бойынша жүлделі бірінші орын №16 мектеп-лицей командасы, екінші орын №234 мектеп командасы және үшінші орын №17 мектеп командасы алды.

Жауынгерлік қанат жаю сайысы бойынша жүлделі бірінші орын №16 мектеп-лицей командасы, екінші орын №276 мектеп командасы және үшінші орынды №17 мектеп командасы иемденді.

Өрт қауіпсіздігі тақырыбында сурет салу, оны қорғау сайысы бойынша жүлделі бірінші орын №70 мектептің оқушылары, екінші орын №95 мектеп командасы және үшінші орын №16 мектеп-лицей командасы иеленді.

Сонымен қатар, өткізілген «Жас құтқарушы – 2024» аудандық сайысында жалпы командалық есепте 34 ұпаймен №16 мектеп-лицей командасы жеңімпаз атанды, 28 ұпаймен №17 мектеп командасы екінші орын және 24 ұпай жинап, №276 мектеп командасы жүлделі үшінші орын иеленді. Жеңімпаздар Қазалы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі және Қазалы ауданы бойынша білім бөлімі мен білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының дипломымен, арнайы кубоктармен марапаттады.

Тағы да оқыңыз: