Kyzylorda-news.kz. Қазалы ауданының мәдениет және спорт бөлімінің және Әйтеке би кенті әкімдігінің қолдауымен Әйтеке би кенттік мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Қазалы ауданының құрылғанына 95 жыл толуына орай 21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлерінің мерекесі қарсаңында өнер саласындағы әріптестер арасында спорттың Бильярд түрінен аудандық жарыс өткізілді.

Аталған жарыс аудан орталығындағы «Биль-Арт» клубында болды. Жарыстың ашылуында Әйтеке би кентінің әкімі Қ.Орынбасаров, Қазалы аудандық Бильярд федерациясының президенті К.Асқар қатысушыларға сәттілік тіледі. Бұдан әрі жарыстың бас төрешісі №18 Қазалы ауданының БЖСМ жаттықтырушысы Б.Медетбаев жеребе арқылы ойыншылардың реттілігін анықтап, жарысты жүргізді. Ептілік пен жүйке мықтылығы сыналатын жарыстың қарқыны мықты болды. 

Нәтижесінде финалдық бәсекеде бағы мен бабы келіскен Ақсуат ауылдық клубының есепшісі Нұрбек Ибраймов бірінші орын және ауыспалы кубок пен медаль, бағалы сыйлықты иеленді. Екінші орынды ҚР Мәдениет саласының үздігі, сазгер, әнші әйтекебилік Кемеңгер Өтеп иеленсе, үшінші орынды Қазалы қалалық мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Дастан Пірімбаев иеленді. Сонымен қатар «Жеңіске деген жігері үшін» номинациясымен Қазалы ауданының мәдениет және спорт бөлімінің сектор меңгерушісі Нұржан Аралбаев марапатталды. 

Ғасырбек Аралқан, Бақытбек Макеев, Ербол Ізтілеуов, Ақниет Абуов, Нұртілек Тағыбаев, Аманкелді Тажиков, Талғат Бағдәулет, Асылбек Түймебаев, Ержан Төлегенов, Таңат Жебев, Нұркелді Махамбет, Серік Жүсіпов, Самат Құтжанов, Бауыржан Нұров алғыс хат алды.

Тағы да оқыңыз: